«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

"Мәлік Ғабдуллин мұрасы: ерлік, ғылым және руханият" ғылыми конференция

19.11.2025

Қарашаның 18-ші жұлдызында №8 мектеп-гимназиясы қабырғасында Тілдер апталығы аясында Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай 8-11 сынып оқушыларына арналған "Мәлік Ғабдуллин мұрасы: ерлік, ғылым және руханият" атты конференция өтті. Конференция қонақтары болып  Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің инженерлік дайындық бойынша оқытушылары майор Сапаров Серік Тоқболатұлы, сержант Мусипов Нұрсұлтан Тасболатұлы қатысты. Іс-шара барысында Мәлік Ғабдуллиннің рухани мұрасын зерделеу және оның қазақ қоғамына, ғылымына және мәдениетіне қосқан үлесін баяндамашылар, журналист болып отырған оқушылар бағамдай түсті. Конференция соңында іс- шараға қатысқан баяндамашылар алғыс хатпен марапатталды. Жауаптылар: №8 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Мусина Қ.Т, Жилкибаев Н.Р, Балтышева Ж.А, Айтжанова Д.А.

Просмотров: 673


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст