«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Мұғалімдердің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша кафедра отырысы

22.10.2025

2025 жылдың 17 қазан күні аудандық "Білім берудегі инновациялық технологиялар" атты іс-шара аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Есентлеуова А.Б. мен Бүркітбай Г.М. "Оқыту үдерісінде ойын технологиялары мен интерактивті платформаларды пайдалану" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар Napkin AI, DeepSeek Chat, Gemini Storybook, Rebus Puzzle Game сияқты заманауи интерактивті ресурстармен таныстырды. Бұл платформалар сабақтарды қызықты әрі шығармашылық тұрғыда өткізуге, оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ іс-шара барысында тренинг және рефлексия өткізілді, онда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, интерактивті әдістерді білім беру тәжірибесіне енгізу жөнінде идеялар және тәжірибелер алмасты.

Шеберлік сағаты кәсіби қарым-қатынас алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялардың оқу процесін қызықты, заманауи және нәтижелі етуге қалай ықпал ететінінің жарқын үлгісі болды.

ҚГБ мұғалімдер

кафедрасының жетекшісі

Рахметова Р.К.

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст