«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Ұлттық диктант күні

21.10.2025

2025 жылғы 16 қазан күні мектебімізде Ақмола облысы білім басқармасы, "Қазақ тілі" қоғамы және Ш. Құсайынов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Ұлттық диктант" жобасы аясында Ұлттық диктант күні өткізілді. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Диктан оффлайн форматта өткізілді.

"Ұлттық диктант" – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, азаматтардың жазу сауаттылығын арттыруға, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба.

Диктант жазудың негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және сол арқылы тілге деген құрметті арттыру. Бұл бастама әрбір азаматқа сауатты жазудың тек білім деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершіліктің, мәдени сауаттылықтың және ұлттық тілге деген құрметтің белгісі екенін ұғындыруды көздейді.

Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст