Күн қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен басталды. Одан кейін "Болашақ" жасағы "Жылқы ауласына" аттанды. Нұсқаушы балаларды қораға апарып, жылқылардың тіршілігі туралы айтып берді. Оларды жылқы ауласын аралатты,балалар түйенің тарихымен танысып, оған жем берді. Салқын орындықтарда отырып қазақтың ұлттық ойыны «қол күрес» ойнады, сонымен қатар, таза ауада ойнап, арқан тартысты, әткеншектерде тербелді. Осы уақытта "Апельсиндер" мен "Күншуақ қояндар" жасақтары белсенді демалу үшін "Гольф клубы" аумағындағы көрікті жерге аттанды.Тәрбиешілер "Туған жеріңді білесің бе?" атты интеллектуалды викторина өткізіп, таза ауада қозғалыс ойындарын ойнатып, ұлттық ойындарды үйретті. Түскі асқа қарай барлығы мектепке оралып, жарқын әсерлермен алмасты.
Мектеп алаңының меңгерушісі
Мишина Г.В.