«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Танысу күні

09.06.2025

"Айгөлек" мектеп жанындағы алаңындағы бірінші маусымның бірінші күні "Танысу күні" атауымен өтті. Дене шынықтыру пәнінің жетекшісі Шуақ Ж.Т. балалармен таза ауада таңғы жаттығу өткізді, ал лагерь басшысы Мишина Г.В. бірінші маусымның ашылуымен құттықтап, мектеп жанындағы алаңдағы тәртіп ережелерімен таныстырды. Психолог Төлеухан Ш.Т. жүргізген "Кел, танысайық" тренингі арқылы оқушылар өзара қарым-қатынас аясын кеңейтті. Одан кейін балалар "Болашақ", "Апельсиндер" және "Күннің көжектері" атты отрядтарға бөлініп, ұрандары мен девиздерін жариялады. Түстен кейін балалардың бос уақыты түрлі ойындармен жалғасты: "Әуенді тап", "Кейіпкерді репликасы" және қызығушылықтары бойынша ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар жұмбақтар шешіп, қызықты ойындар ойнап, ән айтып, флешмоб биледі. Барлығы үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Лагерь басшысы

Мишина Г.В.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст