Текст
Сәуірдің бесінші жұлдызында «Арман» орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық Абай оқулары сайысы өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Есенгелді Лейла қатысып, «Ұлы арман» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Абай атамыз: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым нәрселермен озады»- демекші, Лейлаға болашақта үлкен белестерді бағындыруды тілеймін.