«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Шығармашылық күні

13.06.2025

Бүгінгі күн спорттық эстафетаға арналған жасақтарды сапқа тұрғызумен басталды. Шара алдында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Шуақ Ж. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізді. Эстафетада балалар жылдамдыққа,ептілікке,төзімділікке сынға түсті. Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Орындар келесідей бөлінді:

1 орын – "Болашақ" жасағы

2 орын – "Апельсинки" жасағы

3 орын – "Күншуақ қояндар" жасағы

Өнер мектебінің балалары шығармашылық концертпен келді. Олар өздерінің музыкалық және вокалдық нөмірлерін қуана көрсетті. Түскі астан кейін "Қағаз жануарлары" оригами шеберлік сыныбы, асфальтқа "Мен туған өлкемді саламын" суреттерін салу және командалардың маусымның жабылуына дайындығы болды!

 

Мектеп алаңының меңгерушісі

Мишина Г.В.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст