Текст
Мектептің "Айгөлек" ойын алаңының 3-4 сынып оқушылары полиция бөліміне экскурсияға шақырылды. 1992 жылдан бері тойланып келе жатқан мерекеге орай Бурабай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Қ.Қ., балаларға Республикамыздың мемлекеттік рәміздері туралы айтып берді. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Сондай-ақ оқушыларға полиция бөлімшесінің аумағына экскурсия ұйымдастырылды.
Мектеп алаңының меңгерушісі
Мишина Г.В.